Атырау, 28 қараша 16:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Депутаттар парламенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу туралы бастамасының себебін түсіндірді

2 581 просмотра

Бүгін Парламент Мәжілісінің қабырғасында төменгі палата депутаттары Елбасына үндеу жолдап, бесінші шақырылымды тарату және Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді сұрады.

Бұл үндеуді Мәжілістегі үш партияның фракция басшылары мен мүшелері жариялады. Елбасы саясатының арқасында еліміздің тек әлемдік дағдарысқа қарсы тұруы жөнінде ғана емес, жаңа жаһандық нақты ахуал жағдайында дамуы туралы стратегиясы мен нақты Ұлт жоспары бар. «Бүгін – кейінге қалдырмайтын жедел шаралар уақыты. Осыған байланысты қазірден бастап жаңа реформаларды жүзеге асыруға жедел кірісу, сонымен бірге дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін бесінші шақырылымдағы Мәжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Парламентке жаңа сайлау тағайындау туралы бастама көтереміз, - деді депутаттар. Владислав Косарев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Біз экономикалық қиындықтарға тек бірлескен жұмыстың арқасында ғана төтеп бере аламыз. Осы ретте барлық органдардың бірдей қызмет етуі үшін парламенттік және жергілікті мәслихатқа сайлауды бірге өткізуді ұсынамын. Осы арқылы тек қана уақытты емес, күрделі экономикалық жағдайда үнемдеуге де мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылған мәселелерді ескере келе Елбасына ҚР Парламенті Мәжілісін тарату туралы ұсыныс білдіреміз.

Дереккөз: 24.kz

13 қаңтар 2016, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.