Қазақстан сыртқы істер министрлігі Стамбулда болған жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары бар-жоғын анықтап жатыр.
Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, министрліктің баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов алдын ала мәліметтер бойынша жарылыстан мерт болғандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоғын айтқан.
Түркия билігінің ақпаратына қарағанда, бүгін Стамбулдағы Сұлтанахмет алаңында болған жарылыстан кем дегенде 10 адам құрбан болған. Кейбір ақпараттарға қарағанда, құрбандар арасында шетелдіктер де бар. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысты жанкешті жасаған.
Сұлтанахмет алаңы мен оның маңында туристер жиі баратын Топкапы сарайы, Айя София мен Сұлтанахмет мешіттері орналасқан.
Дереккөз: Азаттық радиосы