Атырау, 28 қараша 15:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстанның бірқатар облыстық, қалалық, аудандық БАҚ-тары бәсекелестік ортаға берілетін болды

2 495 просмотра

Алматы. 11 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның бірқатар облыстық, қалалық, аудандық БАҚ-тары бәсекелестік ортаға берілетін болды. Ол біздің ақпаратты агенттікте бар осы туралы үкіметтің қаулысы мен онда көрсетілген жеке меншікке берілетін коммуналдық мекемелер мен кәсіпорындар тізімінен белгілі болды.

Үкімет бекіткен тізім бойынша өзгерістер облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник», жамбылдық «Ақжол», «Знамя труда» және «Арай» газеттеріне, сондай-ақ «Орталық Қазақстан» және «Индустриальная Караганда», «Қостанай таңы», «Маңғыстау» және «Огни Мангистау» басылымдарына қатысты болып отыр. Бәсекелестік ортаға «Жетісу ақпараты» медиахолдингі де берілмекші. Оған Алматы облысының 18 қалалық және аудандық газеттері беріледі.

Қарағанды облысында ол тізімге кіргендер арасында: жезқазғандық «Дидар» телерадиохабар тарататын қалалық дирекциясы, қалалық газеттерден Сәтпаевтан қалалық «Шарайна» газеті, Абайдан «Абай-ақиқат», «Шахтинск инфо» газеттері, аудандық газеттерден «Сарыарқа», «Қарқаралы», «Улытау өңiрi», «Сельский труженик», «Нұра», «Қазыналы өңiр», «Тоқыраун тынысы» газеттері бар. Жамбыл облысында ол тізімде жуалылық аудандық газет «Жаңа өмiр – Новая жизнь» және шу аудандық баспа, Қостанай облысында – тарандық аудандық «Маяк» газеті бар.

Еске салсақ, Қазақстанда жекешелендірілген алғашқы газеттер облыстық «Костанайские новости» және «Северный Казахстан» газеттері болды. 1990-шы жылдардың ортасында осы басылымдар бас редакторлары Сергей Харченко мен Иван Моордың бастамаларымен мемлекеттік қамқорлықтан кеткенімен өз оқырмандарын жоғалтқан жоқ. Қазір Қазақстанда газеттердің 90%-нан астамы жеке меншік секторда.

Дереккөз: ҚазтАГ

11 қаңтар 2016, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.