Мәскеу-Алматы жолбағытымен кетіп бара жатып, Атырау әуежайына шұғыл қонған «Air Astanа» ұшағының жолаушылары баратын жеріне аттанды.
«Жексенбі күні түстен кейін Атырау халықаралық әуежайына қонған рейстің барлық 119 жолаушысы Алматыға аттанып кетті. Олар Алматыға екі ұшақпен жеткізілмек болған еді. Бірақ та Алматыдан ұшып келген «Боинг» ұшағымен жолаушылар ұшып кетті», - деп хабарлады өңір ТЖ департаменті.
Еске сала кетейік, Мәскеуден Алматыға ұшып бара жатқан ұшақтың шұғыл қону датчигі салондағы қысымның өзгеруі жөнінде дабыл берген болатын. Экипаж ұшақты Атырау әуежайына қондыру жөнінде шешім қабылдады. 119 жолаушының бірде-біреуі зардап шеккен жоқ.
Дереккөз: ҚазАқпарат