Тараздың дәрігерлері дәретханаға тасталған сәбидің жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облыстық ІІД өкілдері "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолының бойында болған оқиғаның мән-жайын хабарлады.
2016 жылдың 3 қаңтарында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолымен Меркеге отбасымен бірге бара жатқан тараздық әйел полицияға хабар берген. Тұрар Рысқұлов ауданындағы Абай ауылының маңында қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған. Оқиға орнына келген полицейлер мен құтқарушылар бетон шұңқырынан сәбиді алып шықты. "Жалаңаш тірі бала - қыз, дәрігерлерге берілді", - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар бүгін Tengrinews.kz тілшісіне сәбидің ауруханаға суықтап қалған күйі түскенін айтты. Сәбиге өкпенің қабынуы деген диагноз қойылды. Қазіргі таңда дәрігерлер оның жағдайын қалыпты деп бағалап отыр. "3 келі 600 грамм болып туған қыз. Оған әлі есім берілмеді, мұны әкімдік шешеді. Сәби толықтай сауығып кетпейінше ауруханада болады", - деп хабарлады басқармадағылар.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК "қылмысқа оқталу" және "шешесінің өз баласын өлтіруі" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер сәбидің шешесін іздеп жатыр.
Еске салайық, Жамбыл облысында жол бойында тұрған дәретханаданнәресте табылған болатын. Нәжіске малынып, шырылдап жатқан шақалақты дәрет сындыруға тоқтаған жүргізушінің бірі байқап, дереу дәрігерлерді шақыртыпты
Дереккөз: tengrinews.kz