Атырау, 28 қараша 16:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ҚР ИДМ: IOSA аудитінің сертификатын алмаған әуекомпаниялардың ұшуларына шектеу енгізу жоспарланып отырған жоқ

1 359 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақын уақытта IOSA аудитінің сертификатын алмаған әуекомпанияларының ұшуларына шектеу енгізу жоспарланып отырған жоқ, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

«2015 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша тұрақты ішкі рейстерді орындап жүрген бес әуекомпаниясының ішінде IOSA сертификаты тек «Эйр Астанада» болды. Міне осылай биылғы жылдың басында төрт әуекомпанияның тұрақты рейстерді аптасына шамамен 100 рейсті тоқтату қаупі туындады.

Осыған байланысты жоғарыдағы жағдайларды және отандық әуекомпанияларының өтініштерін ескере отырып, 2014 жылғы 29 қыркүйектегі «Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды жүзеге асыру бойынша жұмыстар аясында ережеге өзгерістер енгізілді, оның ішінде атап айтқанда, IOSA аудиті сертификатының болуы туралы талапты 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзарту туралы да бар», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған талап Үкімет қаулысымен қабылданып және Әділет министрлігінің, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің, Қаржы министрлігінің келісімінен кейін 2013 жылы күшіне енді.

2014 жылы ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының және 2015 жылы ҚР Кәсіпкерлік кодексінің қабылдануына байланысты азаматтық авиация саласындағы өкілетті орган Қазақстан Республикасы әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы еліміздің заңнамасын жоғарыдағы заңнамалық актілердің талаптарына сәйкестендіру оның ішінде өкілетті орган берген рұқсаттарды беру мен қайтарып алу механизмдерін бекіту бойынша жұмыстар жүргізуде.

Осылайша, таяу арада IOSA аудитінің сертификатын алмаған әуекомпанияларының ұшуларына шектеу енгізу жоспарланып отырған жоқ, деп атап өткен ҚР ИДМ.

Қазіргі уақытта тұрақты ішкі рейстерді орындап жүрген алты әуекомпанияның ішінде IOSA сертфикаты «Эйр Астана» және «SCAT» әуекомпаниясында бар. Эйр Астана әуекомпаниясы IOSA-ның 4 аудитінен өтті, ал SCAT әуекомпаниясы IOSA сертификатын 2015 жылы қарашада алды. Ережеге сәйкес, жаңадан құрылған «Qazaq Air» әуекомпаниясының IOSA үшін 2 жылдық жеңілдік мерзімі бар, ал дайындық жұмыстары биыл басталып кетті.

«IOSA сертификатын алу мәселесі бойынша 2013 жылдан бері бірнеше кеңес өтті. Оған қатысқан әуекомпаниялары, оның ішінде «Бек Эйр» АҚ басшылығы да аталған аудиттен өтуге дайын екендерін айтқан болатын. Алайда бүгінде «Бек Эйр», «Жезқазған Эйр» және «Жетісу» әуекомпаниялары IOSA сертификатын алмаған. Аталған әуекомпаниялары IOSA аудитінен өту бойынша жұмыстар жүргізіп жатқан жоқ. 2015 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша аталған әуекомпаниялары қазақстандық басқа да әуекомпаниялары рейстерді жүзеге асыратын 21 бағыт бойынша («Бек Эйр» - 19 бағыт, «Жезқазған Эйр» - 1 бағыт, «Жетісу» - 1 бағыт) тұрақты ішкі рейстерді орындайды. Атап өтетін жайт, Жазқазған Эйр тек облысішілік коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыратындықтан IOSA сертификатын алу талап етілмейді.

Дереккөз: inform.kz

7 қаңтар 2016, 13:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.