Алматы. 6 қаңтар. ҚазТАГ – Шетелдік құқық қорғау органдары интерпол арқылы 20 қазақстандықты іздестіруде, деп хабарлады халықаралық қылмыстық полицияның ресми сайты.
Қазақстанның азаматтарына ең көп іздеу жариялаған Қырғызстан – 8 адамға. Олар ұрлық жасаған, адам өлтірген, өлтірмекші болған, қарақшылық жасаған, салықтан жалтарған, есірткі қылмысын жасаған және әйел зорлаған деп айыпталады.
Екінші орында - Ресей Федерациясы. Олар Қазақстанның 7 азаматын басқаның мүлкін талан-таражға салған, түрмеден қашқан, заңсыз қарақшылық топтарда болған, алаяқтық жасаған, адам өлтірген, есірткі мен қару-жарақ сатқан деп айыпталады. Бұл ретте Ресейдің сұрау салуымен әлі күнге БТА банктің экс-басшысы Мұхтар Әбләзов те іздеуде жүр.
Басқаның аса ірі мөлшердегі мүлкін ұйымдасқан топ болып талан-таражға салғаны үшін және қарақшылық жасағаны үшін екі қазақстандықты Украина іздестіруде.
Бір адамнан АҚШ (тонаушылық), Ауғанстан (алаяқтық) және Беларусь (адам өлтіру) іздестіруде.
Барлығы интерполдың іздестіруінде Қазақстанның 62 азаматы бар. Бұл ретте М. Әбләзовтың бажасы Сырым Шалабаев тізімде екі рет көрсетілген: бір рет Ресей сұрауымен, екіншісінде – Қазақстанның сұрауымен.
Дереккөз: ҚазТАГ