Атырау, 28 қараша 16:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жаңа өкілеттіктер беріледі

5 193 просмотра

Image 1Қазақстанда 2016 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қосымша өкілеттіктерді біртіндеп беру басталады деп жазды мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол" атты мақаласында.

Қазақстанда 2016 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қосымша өкілеттіктерді біртіндеп беру басталады деп жазды мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол" атты мақаласында.

Президенттің пікірінше, мемлекеттің дамуы бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беруді талап етеді, ал олар бүгінде, бүтіндей алғанда, 4,5 мыңға жуық.Осы мақсатта Премьер-Министрдің орынбасарының басшылығымен, оның құрамына Парламент депутаттарын, орталық атқарушы органдар басшыларын, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның Азаматтық альянсы өкілдерін қоса отырып, тұрақты жұмыс істейтін Комиссия құрылады.

"Оның шеңберінде әрбір меморган бойынша бәсекелесті ортаға берілетін функциялар тізімі анықталады. Сондай-ақ, бәсекелесті ортаның берілетін мемлекеттік функцияларды, жұмыс істеп тұрған регламенттерді, сондай-ақ, бағалар мен сапа критерийлерін жүзеге асыруға дайындығын ескере отырып, оларды беру пішінін таңдап алу қажет",-делінген мақалада.

Оларға үш сатыда берілетін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қосымша өкілеттіктер беру орталық деңгейдегі реформалардың заңды жалғасы болуы тиіс.

Бірінші сатыда (2016-2017 жылдар): аудан әкімінің аудандық маңыздағы қала, кент, село және селолық округ әкімі лауазымына ұсынатын кандидатурасын одан әрі аудан мәслихатына және сайлау өткізуге енгізу үшін келісу;әкімді босату туралы мәселеге бастамашы болу;жергілікті қоғамдастықты дамыту туралы бағдарламалық құжаттар жобаларын қарау және абаттандыру мен қоғамдық тәртіптің көкейкесті мәселелерін талқылау;қолма-қол ақшаның бақылау шоты есебінен алынған мүлікті иеліктен шығаруда аудан әкімі ұсынысын қарау;елді мекендер шеңберіндегі жер телімдерінің мақсатты пайдаланылуын және жеке тұлғалардың заңсыз иеленуіне жол бермеуін бақылау; жергілікті қоғамдастықтың мемлекеттік мекемелеріне басшылар тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу жоспарлануда.

Оларға қосымша екі салықты – көлік және заңды тұлғалардан жер салығын алу құқын беру жолымен жергілікті өзін-өзі басқарудың салықтық әлеуетін күшейту енгізіледі.

Екінші сатыда (2018 жылдан бастап):аудан мәслихаты бекіткен жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін сатылап қалыптастыру;әкімнің аудандық мәслихатқа бекіту үшін енгізген жергілікті қоғамдастық бюджетінің жобасын Жиналыстың келісуі және олардың орындалуы туралы есепті мәслихатқа ұсыну үшін қолдау;жергілікті қоғамдастықтың коммуналдық меншікті басқару мәселелері; бюджетті тұрғындары 2 мың адамнан асатын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін ғана енгізу және оны аудандық мәслихаттың бекітуі;«Жергілікті өзін-өзі басқару коммуналдық меншігі» институтын енгізу;олардың әлеуетін ұлғайту мақсатында селолық округтер деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірлікті нығайту мәселесін әзірлеу.

Үшінші сатыда (2020 жылдан) төмендегілер қарастырылады:жергілікті өзін өзі басқарудың өкілді органын құру;халқының саны 2 мың адамнан кем емес елді мекендерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу;қоғамдық маңызды мәселелерді қамтитын жергілікті бюджеттердің жобалары бойынша азаматтардың ұсыныстарын қарау ресімдерін енгізу.

"Осы шаралардың бәрін орындау мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдау үдерісінің мөлдірлігін арттырады және жергілікті өзін өзі басқару жүйесін дамытуға жағдай жасайды",-деп есептейді Назарбаев.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

6 қаңтар 2016, 12:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.