Атырау, 26 маусым 01:43
 дождьВ Атырау +26.1
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Том Лёффлер: Біз Сондерстің жауабын күтіп отырмыз

1 636 рет қаралды

Image 0

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер британдық Билли Джо Сондерспен жекпе-жек өткізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Boxingnews24.com.

«Жекпе-жек сәуірде өтуі мүмкін. Алайда біз әлі Сондерстің жауабын күтіп отырмыз. Әзірге ұсынысымызға жауап алмадық, сондықтан ол жайында айту қисынсыз», - деп атап өтті Лёффлер.

Бұдан бұрын баспасөзге GGG командасы Сондерспен жекпе-жекке 4 миллион доллар төлеуге дайын екені туралы ақпарат шыққан болатын. Бұл соманы британдықтың промоутерлері қанағат тұтпауда: олар 6 миллион доллар сұрап отыр.

Дереккөз: bnews.kz


5 қаңтар 2016, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.