Атырау, 22 желтоқсан 16:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Әсет Исекешев Қазақстанның инвестициялық омбудсмені болып тағайындалды

1 822 рет қаралды

Image 0

Әсет Исекешев Қазақстан Республикасының инвестициялық омбудсмені болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1071 тиісті қаулысына Премьер-министр Кәрім Мәсімов қол қойды.

«2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 314-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Әсет Өрентайұлы Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын.

2. «Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы №32 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015., №3, 16 бап)», - делінген құжат мәтінінде.

Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: bnews.kz


30 желтоқсан 2015, 10:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.