Атырау, 9 қазан 09:35
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Автожолдар Қазақстанның алты облысында ауа райы қолайсыздығынан жабық қалуда

3 703 просмотра

Қарағанды облысы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) барлық бағыттарда жүк және қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

АСТАНА, 30 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. Республиканың алты облысында сәрсенбіде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің баспасөз қызметінен.

Астана қаласы бойынша 30 желтоқсан күні ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын) «Астана-Щучье» а/ж, "Астана-Қарағанды" а/ж
"Астана-Павлодар" а/ж,"Астана-Қорғалжын" барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Ақмола облысы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран,көрінбеу):"Щучье-Астана","Астана-Ерейментау-Шідерті" (16-205 ш.),

"Астана-Қорғалжын", "Екатеринбург-Алматы" а/ж (1247-1128 ш.),"Екатеринбург-Алматы" а/ж (1275-1353 ш.),"Астана-Қабанбай Батыр-Киевка-Теміртау" а/ж (16-51 ш.) учаскілерінде барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу): "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" а/ж (700-900 ш., Аягөз қ.-Ақсуат а. бұрылысы);"Өскемен-Шемонаиха-РФ шек." а/ж (108-123 ш., Шемонаиха қ.-РФ шек.);"Өскемен-Шемонаиха-РФ шек." а/ж (54-102 ш., Первомайка а.-Шемонаиха қ.-РФ шек.);"Алматы-Өскемен" а/ж (977-1073 ш., Қалбатау а.-Қ.Қайсенов к);"Өскемен-Семей" а/ж (10-154 ш., Герасимовка-Шульбинка бұрылысы) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабық.

Қарағанды облысы бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) барлық бағыттарда жүк және қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, боран, көрінбеу) "Арқалық-Торғай" а/ж (0-98 ш.); "Жезқазған-Петропавл" а/ж (252-377 ш.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көктайғақ) барлық бағыттарда жүк және қоғамдық автокөліктеріне қозғалыс тоқтатылды.

Сонымен бірге Жамбыл облысында ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, көрінбеу) "Б.Момышұлы-Қошқарата" а/ж (10-67 ш.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды.

Дереккөз: newskaz.kz

30 желтоқсан 2015, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.