Астана әуежайында 17 рейс кешіктіріліп жатыр. Оған нашар көру мен боран себеп болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Рейстердің басым бөлігі - ішкі. Ыстамбұл, Омбы, Үрімші және Дубайға ұшатын рейстер де кешігіп жатыр.
Диспетчер қызметінің өкілдері әуежайдың таңғы 9-ға дейін жабылғанын айтады. Ал баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, рейстердің кешіктірілуі жайлы толық ақпарат кейінірек беріледі.
Таңғы 6-дан бері әуежайдамын. Кем дегенде екі сағат бойы рейстер ұшқан жоқ. Күту залында адам қарасы көп. Отыратын орын жоқ. Суық. Барлығы жылы киімдерін киіп алған. Рейстердің кешіктіріліп жатқанын әрдайм хабарлап жатыр. Ең ұзағы - Дубай. Сегіз сағатқа дейін. Ыстамбұл 18.30-ға дейін техникалық себептерге байланысты ұша алмайды. 9-ға таяу рейстер ұшырыла бастады. Қазір көру мүмкіндігі жақсы. Бірақ әлі де жел бар. Біздің рейс 7.25-те Мәскеуге ұшады, бірақ әлі ұшпады. Бірақ ұшаққа отыруға хабарландыру берілді. Қазір әуежайда адам аз. Егер сотқа берсе, мен кінәлі емеспін", - дейді жолаушылардың бірі.
Air Astana әуе компаниясы өз жолаушыларын рейстердің кешіктірілетінін айтып, ескертеді. "Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір рейстер кешіктірілуі мүмкін. Ұшу алдында рейстердің статусын тексеріп алуларыңызды сұраймыз", - делінген компанияның Twitter желісіндегі аккаунтында.
Айта кетейік, Астанада соққан бораннан бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушыларының сабағы болмайды. "Қазгидромет" РМК мәліметінше, 29 желтоқсанда Астанада - қар, жел және мұзтайғақ. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жетеді.
Дереккөз: tengrinews.kz