Атырау, 28 қараша 15:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстан 2016 жылы 65 миллиард теңге несие алмақ

2 807 просмотра

Қазақстан үкіметі 2016 жылы шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін халықаралық қаржы институттарынан 65 миллиард теңге болатын займ алады деп хабарлады бүгін ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.

Парламентте сөйлеген Досаев займ Еуропадағы қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Азия даму банкі (АДБ) мен Дүниежүзілік банктен (ДБ) алынатынын айтады. "Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкінен 30 миллиард теңгеден, Еуропа қайта құру және даму банкінен 5 миллиард теңге алу жоспарымыз бар" деген Досаев.

Қазақстан бұған дейін "2016 жылғы бюджет тапшылығын жою үшін" Азия даму банкінен 1 миллиард доллар займ алуға келісім жасасқан.

Дереккөз: azattyq.org

28 желтоқсан 2015, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.