Атырау, 28 қараша 15:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Серік Ахметовтің адвокаты үкімге шағым түсірді

2 131 просмотра

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасады деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке қатысты шығарылған сот үкіміне шағым түсірілді, деді Қазақстан жаңалықтарына адвокат Григорий Матвеенков.

АСТАНА, 28 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс жасады деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке қатысты шығарылған сот үкіміне шағым түсірілді, деді Қазақстан жаңалықтарына адвокат Григорий Матвеенков.

Дүйсенбіде Ахметовтің адвокаттары Қарағанды облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданааралық соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді.

"Біз үкім мәтінімен мұқият танысып, апелляциялық шағым әзірледік. Онда жалппы 215 бет бар. Апелляциялық комиссияның отырысы 2016 жылдың ақпанынан бұрын өтпейді деп ойлаймыз", — деді Матвеенков агенттіктің тілшісіне.

Дереккөз: newskaz.kz

28 желтоқсан 2015, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.