Қазақстан үкіметі 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын мақұлдады. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкімет сағатында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.
Жекешелендіруге ұсынылған нысандар тізімінде республика меншігіндегі 65 компания, оның ішінде "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек", "Қазагро" компаниялары бар. Бұған қоса "Самұрық-Қазынаға" кіретін 173 еншілес және бағынышты мекеме тізімі, жекешелендіру нәтижесінде бәсеке бар ортаға берілетін, мемлекет-жеке меншік серіктестігі негізінде жұмыс істейтін нысандар тізімі де бар.
Биыл қазан айында Қазақстан билігі дағдарысқа қарсы шара ретінде жекешелендіру жүргізетінін жариялаған. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев күзде әлемде мұнай бағасы арзандап, бюджет түсімі азайып жатқан тұста билік "барынша тиімді басқаруға" беру үшін жекешелдіру жүргізілетінін айтқан.
Дереккөз: azattyq.org