АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясындағы дереккөздің мәлімдеуінше, 2015 жылғы 21 желтоқсанда Корольдіктің арнайы қызметі терроризм бойынша күдікті ретінде Қазақстанның үш азаматын ұстаған.
Жексенбі күні бірқатар қазақстандық БАҚ араб медиасына сілтеме жасай отырып, Сауд Арабиясы қауіпсіздік органдары террорлық ұйымға қосылуға әрекеттенді деген күдікпен Қазақстанның бес азаматы ұсталғанын хабарлаған болатын.
Сауд Арабиясының күш құрылымдары қазіргі уақытта үш қазақстандыққа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты. Олар жергілікті ЖОО студенттері болып шықты. Бұл ретте олардың террорлық актіге қосылмақ болғандығы тергелуде.
Дереккөз: inform.kz