Жұмада Мемлекет басшысының Жарлығымен зейнет жасына жетуіне байланысты Нұртай Әбіқаев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы лауазымынан босатылып, Сенат депутаты болып тағайындалды.
АСТАНА, 28 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары дүйсенбіде жалпы отырыста ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен сенатор болып тағайындалған Нұртай Әбіқаевты палата құрамына сайлау туралы Сенат қаулысын қабылдады деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары АА тілшісі.
«Нұртай Әбіқаевты сенат депутаты қызметіне қайта сайлануымен құттықтаймыз. Нұртай Әбіқайұлы өзінің депутаттық міндетін Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті құрамында орындау жөнінде өтініш білдірді», — деді ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жұмада Мемлекет басшысының Жарлығымен зейнет жасына жетуіне байланысты Нұртай Әбіқаев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы лауазымынан босатылып, Сенат депутаты болып тағайындалды.
Дереккөз: newskaz.kz