Атырау, 9 қазан 09:30
 ашықВ Атырау +20
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Қазақстанда Әзірбайжанның Каспий бойынша айыптауын негізсіз деп санайды

2 718 просмотра

Қазақстандық экологтар Әзірбайжан экология министрінің Қазақстан Каспий теңізі акваториясын ластап жатыр деген айыптауын негізссіз деп санайды.

АСТАНА, 25 жел — Қазақстан жаңалықтары АА.Қазақстандық экологтар Әзірбайжан экология министрінің Қазақстан Каспий теңізі акваториясын ластап жатыр деген айыптауын негізссіз деп санайды.

Бұрын хабарланғандай Әзірбайжанның экология және табиғи ресурстар министрі Хусейн Багиров Қазақстан Каспий теңізін мұнаймен ластады деп айыптады. Оның айуынша, Каспийдің қазақстандық секторында кеңестік кезеңнен қалған ұңғымалар пайдаланылады. Осы ұңғымалар қандай да бір ТЖ орын алған кезде Каспийдің ластануына себеп болады. Бұл мәлімдемені ол, "Гюнешли" алаңында болған өрттен кейін су бетінде мұнай дақтары пайда болды деген пікірлерден кейін жасады.

"Қазақстан кеңестік кезеңінен қалған мұнай ұңғымаларын пайдаланады деген мәлімдемелерге таң қалдым. Менің білуімше, Қазақстан Каспий теңізінің өз секторын ғана, атап айтқанда Қашағанды игеруде. Онда мұнай алынып жатқан жоқ, сондықтан әзірбайжандық тараптың мәлімдемесін негізссіз деп санаймын", — деді Қазақстан жаңалықтарына "Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының директоры Кирилл Осин.

Дереккөз: newskaz.kz

25 желтоқсан 2015, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.