Атырау, 28 қараша 13:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Мемлекет басшысының Өкімімен бірқатар зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік саяси қызметшілердің өкілеттіктері ұзартылды

1 950 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердің өкілеттіктері ұзартылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердің өкілеттіктері:

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің - 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Хамитқызы Баймолдинаның - 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Карпович Божконың - 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары Дабыр Қамысбайұлы Іңкәрбаевтың - 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы;

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесінің директоры Алма Сағынғалидың - 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылсын.

Дереккөз: inform.kz

25 желтоқсан 2015, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.