Алматы. 25 желтоқсан. ҚазТАГ – Батыстың технологиялық санкциялары себепті «ЛУКОЙЛдың», «Газпром» және «ҚазМұнайГаздың» Каспий теңізіндегі «Центральное» кенішіндегі жұмысы тоқтады, деп мәлім етті «ЛУКОИЛ» президенті Вагит Алекперов.
«Бізде Каспийде терең суда орналасқан «Центральное» кеніші бар. Біздер бүгін бұрғылау қондырғыларын ала алмаймыз, себебі олар ресейлік компанияларға тиесілі емес. Бір ұңғы үшін қондырғы жинау қисынсыз, сондықтан біз «Газпроммен» үзіліс жасап, күте тұрайық деп шештік, не қондырғы босасын, не санкциялар алынып тастар», - деді В, Алекперов ресейлік БАҚ-т арға берген сұхбатында.
«Центральное» кеніші Каспий теңізіндегі Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан. Оны игерумен «Газпром» және «ЛУКОЙЛ» «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп құрған «ЦентрКаспнефтегаз» айналысады. 2008 жылы ол жерде аса ірі мұнайгазконденсаттық кеніш ашылды. Оның қоры 169,1 млн тонна шартты отын болып отыр.
Дереккөз:ҚазТАГ