Атырау, 28 қараша 13:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

ТВ: түрік жүк көліктері Ақтау теңіз айлағында жиналып қалды

2 755 просмотра

Санкцияның кесірін енді сезді! Ақтауда түріктің жүк көліктері шекара кесе алмай, портта кептеліп тұр. Ресеймен ара-қатынасты біржолата үзген түрік саудагерлері енді тауарын Қазақстан арқылы теңізбен өткізбек болған. Алайда қағазбастылық пен ауа-райының кесірі деген желеумен бірнеше күннен бері паромда түнеп жүр деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

АСТАНА, 23 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. Санкцияның кесірін енді сезді! Ақтауда түріктің жүк көліктері шекара кесе алмай, портта кептеліп тұр. Ресеймен ара-қатынасты біржолата үзген түрік саудагерлері енді тауарын Қазақстан арқылы теңізбен өткізбек болған. Алайда қағазбастылық пен ауа-райының кесірі деген желеумен бірнеше күннен бері паромда түнеп жүр деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Бұл Түркиядан толтырып тауар тиеп Қырғызстанға бет алған түріктер. Бір аптадан бері портта түнеп жүр. Жүктерінің жартысы кеден бекетінде кептеліп тұрса, тең жартысы —әлі теңізде екен. Табан асты ауа-райы бұзылып, салдарынан бәрі бірдей далада қалған.

"Шекарашылар келіп ит терімізді басымызға қаптап кетеді. Тауарды ақтарып тастайды, бір нәрсе іздейді. Не іздейді сонда? Қайта қайта тексеріп кетеді. Ақша сұрайды. Олай істеп қажеті қанша?",-дейді Түркия азаматы Ілияс Дайыр.

Тек теңіздің емес, жергілікті кеденшілердің де кесірі тиді дейді түрік ағайындар. Көлік толы тауарды көрген олар әрнәрсені сылтауратып, алыс жолға шыққан тасымалшылардың біраз қалтасын қағыпты.

"Біз турецкий машина 330 доллар беру керекпіз. – Почему? – подарок! Пара, пара, пара, пара, бұл не? Бұл топырақ Қазақстан – түрік топырағы не проблема бар? Мен түрікпін!".

Бір аптадан жатқан жүргізушілер енді ашулы. Өйткені, теңіз арқылы алып өтпек болған тауары бұзыла бастаған. Жүз шақты жүк көліктің іші толы тауық еті мен жеміс-жидек. Тек бірен-сараңы киім-кешек екен. Әншейінде, Ресей арқылы тас жолмен қатынаған саудагерлер санкцияның кесірінен енді тауарын осы Ақтау порты арқылы алып өтуге мәжбүр. Десе де, бұл кептеліске түріктердің өзі кінәлі деп салды порт басшылығы.

"Бірінші себеп ол ауа-райы. Өйткені, 365 күннің 300 күнінде теңізде дауыл тұрады. Соның салдарынан паромнан жүктерді тиеп алу мүмкін болмай тұр. Сондай-ақ визасының мерзімі өтіп кеткен. Сол құжаттар реттелмейінше шекарадан асыра алмаймыз",-дейді «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰК паром кешенінің бастығы Наталья Ярошенко.

Сондықтан құжаттарына құнттап қарамаған түріктер біраз аялдайтын сыңайлы.

Дереккөз: newskaz.kz

23 желтоқсан 2015, 10:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.