Атырау, 28 қараша 13:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Илья Ильин спорттан кететінін мәлім етті

1 226 просмотра

Image 0

Екі дүркін әлем чемпионы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин 32 жасқа толғанда спортпен қош айтысатынын мәлім етті. Бұл туралы спортшы докторлық диссертациясын қорғауға арналған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Кәсіпқой спортшы жеңіске жетуі үшін үнемі жүйелі түрде жұмыс істеп отыруы керек. Тынымсыз еңбек еткенде ғана жетістіктерге жетуге болады. Мен күніне үш рет жаттыққан кездерім болды, оның үстіне көп сапарлаймын. Соның арасында ғылыми жетекшіммен жолығып, 2-3 сағаттап Академияда сұхбаттасқан уақыттарым болды. Бұл менің бапкерлігімнің алғашқы қадамдары ғана. Шынымды айтсам, 32 жасқа толғанда спорттан да, бапкерліктен де біржола қол үзсем деймін. Алдағы уақытта өз командамда менеджер болып қызмет еткім келеді», - дейді И.Ильин.

Қазір 27 жастағы спортшы екі дүркін олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы. Естеріңізде болса, бұған дейін ол бір сұхбатында үшінші рет олимпиада чемпионы атанып, төртінші олимпиада кезеңіне қатысуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, Ильин жуырда ғана «Жоғары білікті ауыр атлеттерді дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі» атты докторлық дисертациясын қорғаған болатын.

Дереккөз: BNews.kz

23 желтоқсан 2015, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.