Атырау, 28 қараша 13:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​2016 жылдың 1 қаңтарынан ЕАЭО органдарына Қазақстан төрағалық етеді

1 561 просмотра

Image 02016 жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына Қазақстан төрағалық етеді. Бұл туралы бүгін Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген отырысында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко мәлім етті.

"2016 жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына Қазақстан төрағалық ететін болады. Соған сәйкес Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті басқарады", - деді В.Христенко.

Сонымен қатар ол 1 ақпаннан Еуразиялық экономикалық алқаның жаңа құрамы өз жұмысына кірісетіндігін атап өтті.

«Бүгін Президенттермен жаңа алқаның жеке құрамы келісілді. Айта кетерлігі, алқа және Комиссия мүшелеріндегі сабақтастық жоғары деңгейде қамтамасыз етілді. 10 мүшенің тек екеуі ғана Армения мен Ресейдің жаңа өкілдері», - деді ЕЭК алқасының төрағасы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

22 желтоқсан 2015, 09:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.