1991 жылғы 16 желтоқсанда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңға қол қойды.
АСТАНА, 16 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан 16-17 желтоқсан күндері Тәуелсіздік күнін атап өтуде
1991 жылғы 16 желтоқсанда елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заңға қол қойды.
Тәуелсіздік күні республикада мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Мейрам қарсаңында мемлекет басшысы Қазақстанның беделді азаматтары — мәдениет, өнер, спорт қайраткерлері, саясаткерлер мен әскери қызметкерлерге наградалар тапсырды.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Қазақстан БҰҰ мен оның ілгері мамандарнырылған мекемелерінің, сонымен қатан басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Еуразиялық экономикалық қауымдастық, Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшесі.
Еліміз аумақ көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орында тұрады.
Дереккөз: newskaz.kz