Атырау, 12 сәуір 18:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 473.13
€ 554.08
₽ 6.13

Головкин 2016 жылы рингке үш рет шығады - промоутер

1 769 рет қаралды

Image 0

Орта салмақта WBA (Super), WBC (Interim), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 2016 жылы рингке үш рет шығады. Бұл туралы оның промоутері Том Леффлер айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"GGG жоспарына өзгеріс енгізілген жоқ. Ол 2016 жылы рингке үш рет шығады. Головкин бокстағы ең белсенді әлем чемпионы", - деді Леффлер әлеуметтік желідегі парақшасында қолданушылардың сұрақтарына жауап бере отырып. Егер қазақстандық боксшы Сауль "Канело" Альвареспен кездессе, екі жекпе-жек қана өткізеді.

Еске сала кетейік, 15 желтоқсанда Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің арасындағы жекпе-жекке қатысты шешім шығарған болатын. Тараптардың өзара мәмілеге келуіне 31 мамырға дейін уақыт берілді.

Дереккөз: tengrinews.kz

15 желтоқсан 2015, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.