Атырау, 28 қараша 13:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​ЭКСПО-2017 қарсаңында «Астана-Алматы-Үрімші» жүрдек пойыз қатынайтын болады

2 499 просмотра

Image 0

ЭКСПО-2017 қарсаңында «Астана-Алматы-Үрімші» бағытында жүрдек пойыз қатынайтын болады. Бұл туралы бүгін мерекелік шарада "Қазақстан темір жолы" АҚ президенті Асқар Мамин мәлім етті.

"Қазіргі уақытта Қазақстанның 7 ірі қаласын отандық "Тұлпар Тальго" жүрдек пойыздары байланыстырып тұр. 2012 жылға дейін біздің елде "Астана-Алматы" және "Алматы-Шымкент" бағыттары бойынша екі жылдам пойыз ғана болды. Соңғы үш жылда 9 жылдам маршрут енгізілді. Жолаушылар вагондарының тапшылығы жойылды", - деп атап өтті А. Мамин.

Оның айтуынша, келесі жылы "Тұлпар Тальго" жаңартылған кең вагондардың жаңа түрі шығарыла бастайды.

"Қазір олар құрастырылуда. Бұл вагондар «Астана-Алматы», «Алматы-Ақтөбе»,«Алматы-Защита» бағытында қатынайтын болады. ЭКСПО-2017 қарсаңында «Астана-Алматы-Үрімші» бағытында жүрдек пойызы енгізіледі. Сонымен бірге "Шалқар-Бейнеу" теміржолының енгізілуі арқасында "Астана-Орал", "Алматы-Маңғышлақ" жаңа бағыты ашылады", - дейді ол.

Дереккөз: ҚазАқпарат

15 желтоқсан 2015, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.