Атырау, 28 қараша 13:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстан БҰҰ ұсынған Адамның даму индексі бойынша 14 позицияға жоғарылады

1 991 просмотра

Image 0Біріккен Ұлттар Ұйымы Адамның дамуы (Human Development Report) туралы баяндама жасады. Баяндамада Адамның даму индексі (Human Development INDEX) жөніндегі есеп қамтылған. Бұл есепте Қазақстан Республикасы 14 позицияға жоғарылап, 56-орынға көтерілгені белгілі болды. Бұл жөнінде ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Баяндама Эфиопия астанасы Аддис-Абебада қалың бұқара алдында жарияланды.

Адамның даму индексі жыл сайын түрлі мемлекеттер арасында адамның әлеуетін айқындайтын өмір сүру деңгейі, ағарту, білім салалары сынды негізгі өлшемдер тұрғысынан анықталады.

«Баяндамаға сәйкес, Қазақстан азаматтарының қарқынды дамығаны байқалатын мемлекеттер қатарына кіреді. Еліміз 2015 жылы 56-орыннан көрінді. Адамның даму индексі – 0.788 (2014 ж. – 0.757); орта есеппен өмір сүру ұзақтығы – 69,4 жыл (2014 ж. – 66.5 жыл); орта есеппен білім алуға жұмсалған уақыт – 11,4 жыл (2014 ж. – 10.4 жыл)», - деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Дереккөз: bnews.kz


15 желтоқсан 2015, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.