Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин РФ Президенті кубогы өткен Грозный қаласынан оралды. Vesti.kz басылымына берген сұхбатында ол жеңіске қалай жеткенін және Қазақстан әнұраны қойылған кездегі қателік жайлы айтып берді.
Спортшының айтуынша, ол турнирде әлем рекордын орнатуды жоспарлаған. "Оңай болып жаста қол жеткіземін деп ойладым. Егер рекорд жаңарту қиын болса, жай ғана орынға таласамын деген ой келді. Дегенмен менің жағдайым жақсы болды, үзіліс кезінде өзімді жайлы сезіндім. Нәтижесін білесіздер", - деді спортшы.
Турнирді ұйымдастырушылардың марапаттау кезінде Қазақстанның ежелгі әнұранын қоюы жайлы пікір айта келіп, Ильин абыржымағанын жеткізді. "Бұл, әрине, дұрыс емес. Дегенмен мұндай жағдайлар болып тұрады. Мен жай ғана өз елімнің әнұранын естуге құқықым бар екенін айттым. Маған еліміздің қарап отырғанын, Қазақстанның қазіргі әнұранын шырқауға тиіс екенімді жеткіздім. Спортшыларға мұндай кезде абыржымауға кеңес беремін", - деді Илья Ильин. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.
Еске сала кетейік, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин РФ Президентті кубогында алтын медаль жеңіп алып, әлемдік екі рекорд орнатқан болатын. Спортшыны марапаттау рәсімінде Қазақстанның бұрынғы әнұраны қойылды. Бірнеше минуттық үзілістен кейін қазіргі әнұран қайта шырқалды.
Дереккөз: tengrinews.kz