Атырау, 28 қараша 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Назарбаев: ЕАЭО бірыңғай валютасын жасау күн тәртібінде тұрған жоқ

1 736 просмотра

Image 0Еуразиялық экономикалық қауымдастықта бірыңғай валюта жасау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Еуразиялық экономикалық қауымдастықта бірыңғай валюта жасау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біз ресейлік рублге тәуелдіміз, өйткені Ресей біздің саудадағы серіктесіміз. Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа келер болсақ, мен бұл жайлы 90 жылдардан бері айтып келемін. Одақ құлаған соң біз нашар жағдайда болдық. Еңбекақы төлеуге ақша болған жоқ, сол кезде теңге әлі жоқ еді. Бұған дейін жалғыз бірыңғай валюта болды, бірақ қазір бұндай мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Ештеңеден қорқудың қажеті жоқ", — деді Назарбаев отандық телеарналарға берген сұхбатында.

Бұдан бұрын Қазақстан президенті баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) аясында бірыңғай валюта жасау мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ деп мәлімдеген болатын.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

14 желтоқсан 2015, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.