Атырау, 28 қараша 13:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қазақстанда айтулы нөмірлерге мемлекеттік бажды арттыру ұсынылды

2 614 просмотра

Image 0Бұдан бөлек, заң жобасында көлік нөмірлеріндегі цифрлар немесе цифрлар мен әріптер белгілі бір түрде үйлестірілген мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алғаны үшін мемлекеттік бажды ұлғайту да қарастырылған.

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Жол жүрісі туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ішкі істер органдарының қызметкері тоқтатқан жағдайда, жолаушылардың көлік құралынан қызметкердің рұқсатынсыз кетуіне тыйым салынатын "Жол жүрісі туралы" қолданыстағы заң былтырғы жылы қазанда қабылданды.

Заң жобасында депутаттар аталған норманы алып тастауды ұсынып отыр.

Бұдан бөлек, заң жобасында көлік нөмірлеріндегі цифрлар немесе цифрлар мен әріптер белгілі бір түрде үйлестірілген мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алғаны үшін мемлекеттік бажды ұлғайту да қарастырылған. Қазіргі уақытта мемлекеттік нөмірлер бағасы 253 мың 724 теңгеден 422 мың 256 теңгеге дейін жетеді.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

9 желтоқсан 2015, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.