Атырау, 19 мамыр 21:14
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Берік Әбдіғали: Алаш сарбаздары жайлы видео табылды (ВИДЕО)

3 538 просмотра

Image 0Фото: informburo.kzАлаш тақырыбын зеттеп жүрген тарихшы Берік Әбдіғали Астанада «Аманат» клубында өткен жиында атаман Дутовтың оққағарлары қатарында «қазақ әскері болғанын растайтын» видеотаспа табылғанын хабарлады.

Әбдіғалидің сөзінше, 1916 жылы атамандар Колчак пен Дутовтың кездесуін француздар түсіріп алған. Франция тарихи деректерді 2005 жылы Ресейге тапсырған. Берік Әбдіғали Азаттыққа видеотаспаны Омбыдағы азамат соғысын зерттеу орталығынан кезіктіргенін айтады. Оның сөзінше, видеодағы Дутовтың соңында көрінетін жеті-сегіз қазақтың аты-жөндері белгісіз.

– Бұрын әр жерден қазақтардың атаман Дутовтың жеке күзетшісі болғанын оқыған едік, енді міне, соған видео айғақ табылды, – деді Әбдіғали.

Бұған қоса ол Ресей мұрағаттарынан Алаш әскері туралы тың деректер, қазақ әскерлерінің аты-жөндері табылғанын айтты.


Дереккөз: azattyq.org

9 желтоқсан 2015, 16:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.