Атырау, 28 қараша 13:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Депутат жол ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшерін төмендетуді сұрады

1 206 просмотра

Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар мөлшерін төмендетуді ұсынады.

Бұндай пікірде халық қалаулысы парламент мәжілісінің жалпы отырысында «Жол жүрісі туралы» Қазақстан заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында айтты.

Депутаттың сөзіне қарағанда, Қазақстанда жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері өте жоғары болып отыр, тіпті кейде 200 мың теңгеге дейін жетеді. Бұл ретте Мұхтар Тінікеев кей жағдайда әлгі автокөлік бір отбасын асырап отырған жалғыз ғана табыстың көзі екенін де алға тартады.

«Егер біз қандай да бір үнемдеу мәселесі туралы тетікті енгізгіміз келсе, онда дәл осы мәселені қарап, осы мәселеге жеңілдік бергеніміз дұрыс шығар. Оның үстіне біздікіндей деңгейдегі жалақы мен біздің елдегідей табыс көзі бола тұра, айыппұлдың анадай жоғары болуы да мүмкін емес қой», – деді Тінікеев.

Сонымен қатар депутат Қазақстанда іс жүзінде қызметке кірісіп жатқан әмбебап полицейлердің қызметіне де сын айтып өтті.

«Әмбебап полицейлер пайда болды, бұл өте сәтсіз тәжірибе. Егер жол-патрульдік полициясы өз құқықтарын, заңдарын білетін болса, әмбебап полицейлер жол үстіне «таяқ» ұстап шығуды ғана меңгерген», – деді депутат Тінікеев.

Дереккөз: nur.kz

9 желтоқсан 2015, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.