Атырау, 12 ақпан 00:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 490.58
€ 584.77
₽ 6.34

Доллар бағамы тағы көтерілді

2 390 рет қаралды

KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 309,12 теңге болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сауда мәліметтеріне сілтеме жасап.

Саудада ең төменгі баға - 308,5 теңге, ең жоғарысы 309,4 теңге болды. Таңғы сауда көлемі 52 миллион доллардан асты. Kurs.kz мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындарында доллар 310,5-311 теңге аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетейік, 8 желтоқсанда күндізгі сессия кезінде доллар бағамы 308,19 теңге болған еді. Жалпы, доллар 19 қарашадан бері 307 теңгеге бағаланып келді.

Дереккөз: tengrinews.kz

9 желтоқсан 2015, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.