Атырау, 28 қараша 11:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Мүлікті заңдастыру 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады

2 048 просмотра

Image 0Мүлікті заңдастыру 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет отырысында еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Дағдарысқа қарсы жоспардың «Жекешелендіру, мемлекет иелігінен шығару және заңдастыру» бөлігінде біздерге заңдастыру шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту және оның қатысушыларына кепілді қамтамасыз ету тапсырылған болатын. Мүлікті заңдастыру 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасатын болады», - деді ол.

Министрдің атап өтуінше, бүгінгі күнге дейін 430 млрд. теңге заңдастырылған. Заңдармен заңдастыру үдерісін тежейтін барлық шектеулер алынып тасталған. Қазіргі сәтте декларациялаудың жаңа формасы әділет органдарына келісімге жіберілген.

«Қазан айынан бастап, яғни Парламентте заң жобасы талқылануы кезеңінде біздер жаңа норманы түсіндіру бойынша жұмыстарды қарқынды жүргіздік. Мәселен, ағымдағы жылдың қазан-қараша айларында БАҚ беттерінде шамамен 700 мақала жарияланып, шамамен 1,5 мың телесюжеттер мен сұхбаттар ұйымдастырылды. 900-ден астам дөңгелек үстел отырыстары мен семинарлар өткізілді», - деді Б.Сұлтанов.

Оның сөзіне қарағанда, акцияны насихаттау және түсіндіруге бағытталған медиа жоспарға түзетулер енгізілген. Аталған жоспарды әкімдіктермен, Ұлттық банкпен, Бас прокуратурамен және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп жүзеге асыру мәселесі қарастырылуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

8 желтоқсан 2015, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.