Атырау, 28 қараша 11:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қызылорда облысының әкімі қарамағындағыларға "шенеунік" сөзінің мағынасын түсіндіріп берді

1 754 просмотра

Image 0

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қарамағындағы қызметкерлерге "шенеунік" сөзінің мағынасын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Интернетте аймақ басшысының аудан әкімдері мен мемлекеттік жергілікті органдардың басшыларына қаратып айтқан сөзінің видеосы жарияланды. Көшербеав олардың халық үшін жасап жатқан жұмыстарына көңілі толмайтынын айтты. "Олар (азаматтар) заң білмеуі мүмкін, бірдеңені түсінбеуі мүмкін. Жөндейтінін жөндейік. Шешілетін мәселені шешіп берейік. Шешілмейтін мәселенің шешілмейтінін түсіндіріп берейік. Нақты жауабын берейік", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, ол министрліктерге қарайтын сәйкес басқармалардың өзін қараусыз сезінбеулері керек екенін айтты. "Мен Президенттің өкілі ретінде барлығыңызға міндет жүктеймін. Біз сіздерді бақылап, жұмыстарыңызға баға береміз. Өз құқығымды толық пайдаланамын! Құрметті мемлекеттік қызметкерлер, біз халықтың қызметшісі екенімізді тағы бір рет еске саламын. Кейде біз өзімізді халықтың иесі сияқты сезінеміз. Олар бізді жалға алды", - деді Қырымбек Көшербаев.

Дереккөз: tengrinews.kz

8 желтоқсан 2015, 09:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.