Қайрат Қарманов. Фото: ҚазақпаратТүрік инвесторлары ресейлік нарықтардын кеткен жағдайда Қазақстанға тартылуы мүмкін, деп есептейді республиканың инвестициялар және даму министрлігі "KAZNEX INVEST" АҚ басқарма төрағасы орынбасары Қайрат Қарманов.
АСТАНА, 7 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. Түрік инвесторлары ресейлік нарықтардын кеткен жағдайда Қазақстанға тартылуы мүмкін, деп есептейді республиканың инвестициялар және даму министрлігі "KAZNEX INVEST" АҚ басқарма төрағасы орынбасары Қайрат Қарманов.
"Әрине, біз бұнымен (басқа елдердің нарықтарынан кетіп жатқан инвесторларды тарумен) айналысудамыз. Егер бұл компаниялар елімізге инвестиция салса, жұмыс орындарын құрса, түрік, қытай және еуропалық бизнеске біз әрдайым қуаныштымыз", — деді Қарманов дүйсенбіде журналистердің тиісті сауалдарына жауап беріп.
"KAZNEX" ресейлік, түріктік инвесторларға секілді баршаға ашық агенттік, сондықтан саяси кезең бізге қатысы жоқ деп айтуға болады, ресейлік және түрік инвесторларына біздің қарым-қатынасымыз өзгерген жоқ, бастысы олар біздің экономикамызды инвестицияласа болды", — деп қосты ол.
Дереккөз: newskaz.kz