Атырау, 28 қараша 11:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Роза Отынбаева қырғыз үкіметіне Қазақстаннан үлгі алуды ұсынды

1 854 просмотра

Image 0

Қырғызстанның экс-президенті Роза Отынбаева өз елінің үкіметіне Қазақстаннан үлгі алуды ұсынды, деп хабарлады КирТАГ.

«Біз батыс пен шығыстан тәжірибе алуды ойластырып отырмыз, ал көршіміз Қазақстан болса, өте қызықты түрде дамып келеді», - деді Роза Отынбаева Қырғызстан Республикасы мемлекеттік органдары қоғамдық кеңесінің жыл сайынғы конференциясында.

«Қоғамдық кеңестер, министрліктердің қызметкерлеріне қарағанда сіздердің бос уақыттарыңыз көбірек. Сондықтан кеңес беріңіздер, көмектесіңіздер, оқыңыздар, зерттеңіздер. Көрші мемлекетте қандай мемлекеттік қызмет ұсынып отырғанын байқаңыздар. Біздің қырғызстандықтар үшін неліктен осындай жағдай жасамасқа. Алматы қаласының сайтында әр азамат кез келген ақпаратты таба алады. Онда жас әкімнің өмірбаянынан бастап, нысандардың сызбасы, орналасқан жерінің кестесіне дейін және өзге де қызметтерді табуға болады», - деді экс-президент.

Р.Отынбаева қоғамдық кеңестердің міндеті - министрліктердің жұмысының контентін құру, жаңа жолға көшуіне көмектесу екенін атап өтті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 желтоқсан 2015, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.