Атырау, 18 қаңтар 18:04
 ашықВ Атырау -19
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Айгүл Мүкей "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан жұмыстан шығып кетті

2 267 рет қаралды

Image 0

Айгүл Мүкей "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан жұмыстан шығып кетті, - бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады. Оның айтуынша, енді ол танымал журналдардың бірінде бас редактор болып жұмыс істейді.

2014 жылы ол "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының баспасөз қызметіне жұмысқа тұрған болатын, ал таяуда маркетинг департаментінің директорының орынбасары болды. "Мен компаниядан өз қалауыммен кеттім. Арыз жаздым, бүгіннен бастап мен "Астана ЭКСПО-2017" компаниясында жұмыс істемеймін. Бұл ірі жоба, көрме үшін бәріміз алаңдап, қолдау білдіреміз. Компания үлкен (...) Жұмыстан кетуіме айтарлықтай себеп болмады, бірақ мен шаршадым, жұмыс ауыстыруды шештім", - деді Мүкей.

Айгүл Мүкей - Қазақстанның танымал тележүргізушілерінің бірі. Түрлі қызметтерде, оның ішінде БАҚ-тарды басқарды. Бірнеше рет ең сұлу қазақстандықтардың үздік ондығына кірген.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 желтоқсан 2015, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.