Атырау, 22 желтоқсан 19:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Алматы әуежайында тұманға байланысты рейстер кешіктіріліп жатыр

2 221 рет қаралды

Алматы әуежайында тұманға байланысты оннан аса рейс кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуежайдың анықтама қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты мына бағыттар бойынша рейстер кешіктірілді: Алматы - Қостанай; Алматы - Петропавл; Алматы - Ақтөбе; Алматы - Павлодар; Алматы - Астана; Алматы - Қарағанды; Алматы - Үрімші және Алматы - Шымкент. Рейстер 30 минуттан 6-7 сағатқа дейін кешігіп жатыр.

Анықтама қызметінің ақпараттары бойынша, Алматыға ұшып келу бойынша рейстер осы бағыттарда кешіктірілген. Сонымен қатар, Алматы әуежайының онлайн-таблосындағы мәліметтер бойынша, Астанадан үш рейс кешіктірілді, Шымкенттен екеу, Делиден екеу және Дубайдан біреу.

Дереккөз: tengrinews.kz

3 желтоқсан 2015, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.