Алматыда 128 млн теңге айыппұл төлеу туралы 8 мыңнан астам жалған түбіртектер анықталды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.
АСТАНА, 3 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. Алматыда 128 млн теңге айыппұл төлеу туралы 8 мыңнан астам жалған түбіртектер анықталды, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Алматы прокуратурасының талабымен мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері қаржылық бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, әкімшілік айыппұл сомасын салыстырып тексеру жүргізді.
"Жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша бюджетке 8 341 ұйғарым бойынша 128 062 030 теңгеге деректі төлемнің жоқтығы анықталды. Яғни,
8 341 әкімшілік айыппұлдар төлеу туралы түбіртектер, әкімшілік айыппұлдар төлеу туралы кіріс кассасы ордеріне түбіртектер жалған болып шықты", — делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінен хабарлағандай, тексеріс нәтижесі бойынша аталған дерек ҚР ҚК 232 бабы 2 бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық сипаты бойынша сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай реестріне тіркелді және тексеру үшін Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер депараментіне жолданды.
Дереккөз: newskaz.kz