Атырау, 28 қараша 11:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

АШМ: Қазақстан Ресей нарығында түрік тауарларын алмастыруға дайын

1 748 просмотра

Ресейге түрік тауарларын кіргізуге тыйым салынуға байланысты, қазақстандық шаруалар өз тауарларына көрше елде сұраныстың артуына дайын, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

АСТАНА, 2 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. Ресейге түрік тауарларын кіргізуге тыйым салынуға байланысты, қазақстандық шаруалар өз тауарларына көрше елде сұраныстың артуына дайын, деп хабарлады Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Ресей 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, Түркиядан келетін бірқатар тауарларды еліне кіргізуге тыйым салады; олардың қатарына тауық және үндік өнімдері, жаңа піскен және қатырылған қызанақтар, пияз, қырыққабат, қияр, жаңа піскен және кептірілген апельсин, мандарин, алма, алмұрт, өрік, шабдалы, алхор, құлпынай және бүлдірген бар. 24 қараша күні түрік әскерінің Ресей бомбалаушысы Су-24-ті атып түсіргеннен кейін Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы күрделеніп кетті.

"Біздің шаруалар сұранысқа ие болатын қажеттің өнімді жеткізетін болады. Егер Ресей нарығында қосымша сұраныс туындаған жағдайда, біздің шаруалар өз өнімдерін осы нарықта сатуға дайын. Бүгінгі таңда, өкінішке орай, шаруалардың тауарларын өткізуде мәселелер көп ", — деді Мамытбеков.

Дереккөз: newskaz.kz

2 желтоқсан 2015, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.