ҚР-дағы БҰҰ даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел сәрсенбіде үкіметті және республика бизнесін, сондай-ақ халықаралық ұйымдарды елдегі мүгедектердің өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша шаралар қабылдауға шақырды.
АСТАНА, 2 жел — Қазақстан жаңалықтары АА. ҚР-дағы БҰҰ даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел сәрсенбіде үкіметті және республика бизнесін, сондай-ақ халықаралық ұйымдарды елдегі мүгедектердің өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша шаралар қабылдауға шақырды.
"Мүгедектердің өмір сүру деңгейін жақсарту бойынша: ұлттық статистика комитеті өткен жылы жүргізген зерттеу мәліметтері бойынша мүгедектігі бар тұлғалардың өмір сүру сапасына келер болсақ, 11,7 % өздерін аз қамтылған деп сезінеді, 52 % өздерін кедей және орташалар арасындағы аралық топқа жатқызады", — деді Алтангерел "Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеу және интеграциялаудың оңалту технологиялары мен инновациялары" халықаралық конференциясы барысында.
"Бұндай сипаттама мүгедектердің материалдық жағдайын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдау қажеттілігін, мемлекет, бизнес және халықаралық ұйымдар тарапынан көмек көрсету және қолдау бағдарламаларын кеңейту керектігін көрсетеді",- деп қосты ол.
БҰҰДБ өкілі жұмыспен қамту саласында мүдектерді лайықты жұмыспен қамтуға денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, соның ішінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020" бағдарламасы аясында да үлкен үлес қосқанын мойындады.
"Республикада шамамен мүгедектігі бар еңбекке қабілетті тұлғалардың 20 %-ы жұмыс істейді. Бұл, әрине, жақсы статистика, алайда Қазақстанның алдында бұл цифрды ЭЫДҰ стандарты бойынша дамыған елдер деңгейіне жеткізу міндеті тұр", — деді Алтангерел.
Дереккөз: newskaz.kz