Алматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – Түркия Қара теңізден шығатын бұғаздарды жауып тастау әрекеттеріне баратын болса, Қазақстаннан мұнай экспорты шектелуі мүмкін, деп хабарлайды ТАСС агенттігі, «АК «Транснефть» ААҚ ресми өкілі Игорь Деминге сілтемелеп.
«Ресейде құбыр бағыты айтарлықтай тармақталған және егер Түркия бұғазды жауып тастайтын болса, ол жеткізулер бойынша міндеттерін орындау үшін сол мұнай көлемін құбырлар арқылы айдай алады», - деп жазады басылым.
И. Деминнің айтуынша, халықаралық құқық бойынша Түркия «бұғазды жабуына құқығы жоқ». Егер Түркия ондай әрекетке де баратын болса, Ресейде мұнай тасымалдаудың Дружба, БТС-1, БТС-2, Усть-Лугу және Приморск бағыттары бар және тым болмаса темір жол бар, бұғаздан өтпеген мұнай көлемін осы құбырлар арқылы тасымалдауға болады», - дейді «Транснефть» өкілі.
И.Демин еске салғандай, Монтрё Конвенциясына сай Түркия бұғаз арқылы өтетін тек әскери кемелерді ғана реттей алады. Сауда кемелері үшін Монтрё Конвенциясы еркін жүзіп өту құқығын соғыс уақытында да бейбіт кезде де сақтайды. Сөйтіп, қазіргі жағдайда бұғазды ресейлік сауда кемелер үшін жабуға құқықтық негіз жоқ. Егер Түркия бұғазды жабу туралы шгешім қабылдайтын болса, халықаралық құқықты бұзады, атап айтқанда Монтрё Конвенциясын.
Қазір бұғаз арқылы жылына 60 млн тонна ресейлік емес мұнай өткізіледі, ал 32-35 млн тонна ресейлік мұнай бар. Бұғаз арқылы ресейлік мұнайдан басқа Қазақстан, Әзербайжан, Түркменстан өндірген мұнайлармен қатар, Қазақстан мен Әзербайжан аумағында өндірілген батыс компанияларының мұнайлары тасымалданады.
Түркияның баруы мүмкін әрекеттері батыс компанияларының мүдделеріне қайшы келіп, КҚК (КТК) арқылы мұнай тасымалдайтын қазақстандық экспорттаушылардың мүдделеріне кесірін тигізеді, себебі КҚК-ға балама жоқ. Ресей жағы Қара теңізден тасымалданатын мұнайдың орнын толтыру үшін балтық порттарын пайдалануы мүмкін», - деп жазады агенттік. Қазақстан аумағынан экспортталатын мұнай бағыттары шектеулі, оның ішінде Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры мен Одесса-Броды мұнай құбыры қолданылуы мүмкін, ал «Теңізшевройлдың» Қазақстаннан экспорттайтын мұнайы темір жолмен Ресей арқылы жылына 8 млн тонна экспорттауы мүмкін.
Дереккөз: ҚазТАГ