Атырау, 28 қараша 11:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Алматыда қарақшыны ұстауға көмектескен оныншы сынып оқушысына сыйлық табыс етілді

1 904 просмотра

Image 0Фото: Алматы ІІДАлматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – Алматыда қарақшыны ұстауға көмектескен оныншы сынып оқушысына сыйлық табыс етілді, деп жазады қалалық ІІД баспасөз қызметінен.

«15 жасар Магомед Килов заң бұзушылыққа төзімсіздігін 20 қарашада танытты. Үйге келе жатып, ол қарақшылық әрекеттің куәсі болып, бір өзі қарақшыға қарсы тұрды. (...) Осылайша зейнеткер кемпірдің әмиянын тартып алған қарақшы «ізін суытпай» ұсталды», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.

Хабарда айтылғандай, оныншы сынып оқушысы зейнеткер кемпірдің көмек сұраған айқайын ести сала, одан қашып бара жатқан ер азаматтың соңына түскен. Қуып жеткен жасөспірім, қолында бөтелкесі бар қарақшымен төбелесіп кеткен. Нәтижесінде оқушы сол көзінен жарақат алды. Бұл уақытта оқиға куәлары «102» пультіне де хабар беріп үлгерген. Осы жерге «Буран-060» жол-патруль полициясы жетіп, бұзақыны ұстады.

Аталған қылмысты ашудағы қосқан үлесі үшін Алматының Бостандық аудан әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев М. Килоевке ноутбук сыйлады. Сондай-ақ жасөспірімнің анасына да естелік сыйлық табыс етті.

Дереккөз: ҚазТАГ

2 желтоқсан 2015, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.