Атырау, 28 қараша 11:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Ұлттық банк 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап айналымға номинаы Т20 мыңдық банкнотты шығарады

2 736 просмотра

Image 0Фото: tengrinews.kzAлматы. 30 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекеттік мейрамына орай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 1 желтоқсаннан номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнотты айналысқа шығарады, делінген Ұлттық банк баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Бұл банкнот 2013 жылы дайындалған. Басқа ақша белгілерімен қатар айналысқа шыққан кезеңнен бастап ол заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрлерінде қабылдануға міндетті. Банкноттардың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде орындалған: бет жағының басым бейнелері тігінен, ал сырт жағында көлденең орналасқан. 20 000 теңгелік банкноттың мөлшері: 155х79 мм.

Банкноттың басым түсі көк-сұр. Бет жағында негізгі бейнелер «Қазақ Елi» монументі, пырақ және Мәңгілік ел салтанатты аркасы бейнеленген. Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін «Қазақ Елі» тарихи-мемориалдық кешені Астана қаласының он жылдық мерейтойы қарсаңында ашылды. Стела биіктігі – 91 метр – Қазақстанның тәуелсіздік алған 1991 жылды білдіреді. Ескерткіштің мәрмәр тұғыры Қазақстан халқының таза ой-ниеті мен этникааралық үйлесімін паш етеді. Ал төбесінде Самұрық құс бар стеланың өзі Қазақстан халқының болашаққа, одан әрі даму мен гүлденуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Банкноттың жоғарғы сол жағында пырақ бейнеленген, ол түркітілдес және көшпенді халықтарды қоса алғанда көптеген мәдениетте таза нұр мен өмірдің, шабыт пен жемісті еңбектің, мақсатқа ұмтылушылық пен биліктің нышаны ретінде қабылданады. Банкноттың төменгі жағында ортада Мәңгілік ел салтанатты аркасы – еркін елдің мәңгілік идеясы, жалпыға ортақ Қазақстан үйінің ұлттық идеясы сәулет құрылысы тұрғысынан бейнеленген. Сырт жағында банкноттың ортасындағы негізгі бейне Қазақстан картасының пішіні және астанамыз – Астана қаласының Қаза қстан Республикасының Конституциясында негізі қаланған билік тармақтарын бөлу қағидатын көрсететін тәртіппен орналасқан Ақорда, Парламент және Үкімет ғимараттары бар көрінісі бейнеленген. Жаңа банкнот Қазақстан теңгесінің ең қорғалған ақша белгісі, сондай-ақ әлемдегі ең қорғалған банкноттардың бірі болып табылады. Қорғау үшін қолдан жасаудан қорғау индустриясындағы соңғы инновациялар, жалған ақша жасаушыларға қарсы іс-қимылдың жаңартылған әрі күшейтілген классикалық тәсілдері пайдаланылды. Бет жағындағы негізгі қорғаныш элемен ттер: банкноттың екі жағынан жарыққа тосып қарағанда көрінетін самұрық мифтік құсы түріндегі композиттік жетілдірілген сутамғы белгісі және мөлдір орын түріндегі құс пішіні. Дизайнының түпнұсқалылығын тексеруді жеңілдететін түс ауыстыру элементтері пырақ, мөлдір орында көрінетін қазақтың ою-өрнегі және түс ауыстыратын қорғаныш үзік-үзік жіп түрінде орналасқан. Көзі нашар көретін адамдар үшін банкноттың оң жағында шетінде саусақпен ажыратуға болатын жеті жоғары бедерлі үш бұрыш басылған. Банкноттың сырт жағында бірқатар қорғаныш э лементі бар: сутамғы белгісі, түс ауыстыру бояумен басылған ою-өрнек элементі бар мөлдір орын, жарыққа тосып қараған кезде бет жағындағы бөліктермен біртұтас суретті құрайтын қосарланған бейненің бөліктері. Банкноттың төменгі сол жақ бұрышындағы номиналы да көлбеу бұрышын өзгерткен кезде түсін ауыстырады. 2) 2015 жылғы 28 қарашада ҚР Ұлттық Банк Басқармасымен 2016 жылғы 3 қазанға (қоса алғанда) дейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңге банкноттардың біртіндеп айналыстан шығару мерзімдерін ұзарту туралы шешім қабылданды. Көрсетілген мерзімге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен банктік операциялар үшін Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында қандай да бір шектеусіз қолданылады. Содан соң 12 ай ішінде - 2016 жылғы 4 қазаннан 2017 жылғы 3 қазанға (қоса алғанда) дейін - көрсетілген ақша белгілері кез келген екінші деңгейдегі банкте айырбасталуға тиіс. Бұл мерзімнен кейін барлық қалған 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңге банкноттар 2020 жылғы 3 қазанға шейін барлық ҚР Ұлттық Банк филиалдарында айырбасталуға қабылданатын бол ады. 2020 жылғы 4 қазаннан бастап банкноттар заңды емес болып табылады. Жоғарыда көрсетілген банкноттардың айырбасталуы тегін, комиссия алусыз не айырбастау үшін ақысыз жүзеге асырылатын болады.

Дереккөз: ҚазТАГ

30 қараша 2015, 17:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.