Атырау, 28 қараша 11:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Эрдоған Назарбаевпен ресейлік Су-24М оқиғасын талқылады

1 517 просмотра

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, оның Ресей Президенті В.Путинмен таяу арада кездесуге дайын екенін айтты.

АСТАНА, 30 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, оның Ресей Президенті В.Путинмен таяу арада кездесуге дайын екенін айтты.

"Р.Ердоған өз кезегінде Ресей Президенті В.Путинмен таяу арада кездесуге дайын екенін айтты",-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың ахуалы мен келешегін, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Тараптар Сириядағы дағдарысты жағдай мен ресейлік Су-24М ұшағына қатысты оқиға төңірегінде пікір алмасты.Қазақстан Президенті болған оқиғаға байланысты өкініш білдіріп, ресей-түркия қарым-қатынасының нашарлауына алаңдаушылығын жеткізді.

"Мемлекет басшысы бұл байланыстар ұзақ жылдар бойы қалыптасқандықтан, тараптар оны сақтап қалу үшін жауапкершілік танытуы қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты оқиғаны анықтап, қалыптасқан жағдайдан шығу үшін екіжақты комиссия құру ұсынылды",-деп көрсетілген хабарламада.

"Нұрсұлтан Назарбаев жағдайды ушықтырмау үшін тараптар мүмкін болатын барлық шараны пайдаланатынына үміт білдірді",-деп көрсетілген хабарламада.

Дереккөз: newskaz.kz

30 қараша 2015, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.