Фото: Қазақстан жаңалықтары ААҚазақстан Президенті Астанада Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде қазақстандықтарды теңгемен өмір сүруге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Теңгемен өмір сүретінімізге бәрі әдеттенуі керек. Нанды теңгеге сатып аламыз. Шұжықты, сүтті де теңгеге сатып аламыз. Киімді де теңгеге. Доллар шетелден киінетіндерге керек. Немесе импорт тауарлары қажет. Ақшаны теңгемен сақтау, депозит құю пайдалы, пайызы көп. Доллармен сақталған депозит - пайыздары өте төмен болады. Өзіміз "теңге" деп сөйлеп, теңгемен өмір сүрейік. Сонда ғана тыныштық болады және өзімізге де, елімізге де көмектесеміз", - деді Назарбаев.
Назарбаев бұл жолғы Жолдауын әлемдік дағдарыс кезіндегі әрекеттерге арнады. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде таратылып жатыр.
Сонымен қатар, Назарбаев Қазақстанның мұнайдың баррель құны 20 долларға дейінгі түсу жағдайында әрекет ету жоспарын дайындағанын мәлімдеді. "Әрине, бұл оңай болмайтынын түсінуіміз керек. Мұндай жағдай туындаса да, біз бірге ол қиындықты жеңіп шығамыз", - деді Назарбаев.
Дереккөз: tengrinews.kz