Жүргізушілердің өздері журналистерге шекарадан қашан өтетіндерін білмейтіндерін айтты. Олардың айтуынша, олар өз жұмыстарын атқарады және елдер арасындағы саяси процестер бұл істе оларға кедергі келтірмеуі тиіс.
Ресей және Грузия аумағы арқылы Түркиядан Қазақстанға тауар әкеле жатқан ондаған жүк көліктері грузиндік "Казбеги" мен ресейлік "Верхний Ларс" кедендік-өткізу бекеті арасындағы бейтарап аймақта Ресейге кіруге рұқсат күтіп, әлі тұр деп хабарлайды РИА Новости Грузияның қаржы министрлігі кіріс қызметіне сілтеме жасап.
Бұдан бұрын РФ ауыл шаруашылығы басшысы Александр Ткачев РФ үкіметі Ресей ауыл шаруашылығы қадағалау комитетіне Түркиядан әкелінетін ауыл шаруашылығы өнімдеріне бақылауды күшейтуді, сондай-ақ Ресей шекарасында және Түркияның өзінде өндірісте қосымша тексерулер ұйымдастыруды тапсырғанын мәлімдеді.
"Бейтарап аймақта қазіргі уақытта 30-ға дейін машина тұр, жағдай әзірге өзгерген жоқ", — деп хабарлады Кіріс қызметінен.
Жүргізушілердің өздері журналистерге шекарадан қашан өтетіндерін білмейтіндерін айтты. Олардың айтуынша, олар өз жұмыстарын атқарады және елдер арасындағы саяси процестер бұл істе оларға кедергі келтірмеуі тиіс. "Ресейлік тарап бізді Қазақстанға түрік тауарларын тасымалдайтындықтан, жібермей отыр. Мұнда тұрғанымызға бірнеше күн болды. Мұнда Әзірбайжан, Түркия, Армения азаматтары тұр, негізінен барлығы Түркиядан жүк тасымалдайды", — деді жүргізушілердің бірі.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары