Атырау, 28 қараша 11:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Байқоңырда жүздеген қазақстандық жұмыстарынан айырылды

1 480 просмотра

Image 0Фото: inform.kzБайқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының қаулысымен қаржыландырудың қысқартылуына байланысты "Роскосмос" ұйымынан және қаланың бюджеттік ұйымдарынан ағымдағы жылы 600 астам адам жұмыстан босатылды, келесі жылы шамамен 1500 адамды қысқарту жоспарлануда.

АСТАНА, 26 қар — Қазақстан жаңалықтары АА.Қазақстанның жүздеген азаматы Ресей Федерациясының қаржыландыруының қысқартылуынан Байқоңырда жұмыстарынан айырылды деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға Қызылорда облысы әкімдігінен.

"Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының қаулысымен қаржыландырудың қысқартылуына байланысты "Роскосмос" ұйымынан және қаланың бюджеттік ұйымдарынан ағымдағы жылы 600 астам адам жұмыстан босатылды, келесі жылы шамамен 1500 адамды қысқарту жоспарлануда. Негізінен (3/4 жуық) бұл Қазақстан Республикасының азаматтары", — деп ақпараттандырды әкімдіктен.

Өңір билігінің мәліметінше,жұмыссыз қалған Байқоңыр тұрғындарын жұмысқа орналастыру проблемасын селекторлық отырыста Қызылорда облысы әкімі Қырымбек Көшербаев көтерді, сондай-ақ аталмыш мәселе ҚР үкіметінде селекторлық отырыс барысында талқыланды.

"Жалпы, ғарыш айлағын жалға алу уақытында ресейлік тарап қаланы дамытуға қаражат бөлмеген. Бұдан басқа, 2008 жылы салынған перзентхана әлі күнге дейін түрлі сылтаулармен ресейлік тараппен қабылданбаған. Соған байланысты өңір басшысы Байқоңыр қаласы нысандарын жалдаудан шығаруды ұсынды", — деп қосты әкімдіктен.

Дереккөз: newskaz.kz

26 қараша 2015, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.