Атырау, 19 мамыр 20:12
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сот Козловтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарайды

2 348 просмотра

Image 0Фото: nakanune.kzАстана. 26 қараша. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Сот Владимир Козловтың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарайды, деп мәлім етті ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Берік Бисенқұлов.

«Козлов жақында мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берді, енді 27 күні (қарашада – ҚазТАГ) сот органдары оны қарайтын болады», - деді Б. Бисенқұлов бейсенбі күні адам құқықтары жөніндегі «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» диалогының 7-ші отырысында.

Оның айтуынша, Козлов Алматы облысындағы Заречный кентінде ЛА-155/14 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Жаза мерзімінің аяқталуы 2019 жылы 22 шілдеде.

Бұрын хабарланғандай, 2012 жылғы 8 қазанда Маңғыстау облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты В. Козловты мүлкін тәркілеп 7,5 жылға соттады. Оны әлеуметтік алауыздықты қоздыру, ҰҚТ құру, Жаңаөзенде тәртіпсіздікті ұйымдастырған деп айыптады.

Дереккөз: ҚазТАГ

26 қараша 2015, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.